Nothing found
Thank you! Your submission has been received!
Oops! Something went wrong while submitting the form.

Менде любриканттар, презервативтер немесе сексуалды ойыншықтар жоқ, оның орнына не қолдана аламын?

Саған презерватив, любриканттарға, секс ойыншықтарға альтернативті табудың себебі көп бола алады: саған оларды сатып алу немесе табу қиын болуы мүмкін, немесе жақындарыңмен бірге тұратын болсаң, кейбір ойыншықтарың өзіңді қандай жыныстық қатынасқа құштар екендігін сатып кете алады.

Не болсада, әрбір затты өзінің тікелей нұсқаулығында қолдану қажет. Жыныстық мүшеге арналған сақиналар тек жыныстық ойындарда қолданылады.Дегенмен де айтылған бәрінің де баламасы бар.

Жыныстық қатынасқа арналған ойыншықтардың балама түрлері.

Жыныстық қатынасқа арналған ойыншықтарды үйде табудың біраз амалдары бар. Дилдо, жыныстық мүшеге арналған сақина немесе басқа да ойыншық болсын, оларды қызметінен тыс қолдануы сенің денсаулығыңа қатер төндіруі мүмкін.

Егер сен үйдегі заттарды дилдо ретінде қолдансаң, оларға презерватив кигізуді ұмытпа. Ол инфекциялардан қорғайды. Тарақтың ұстағышы немесе көкөністер көбінесе дилдо ретінде қолданылады. Көкөністердің беті бір келкі емес, сол себептен олар презервативті жыртып жіберуі мүмкін. Түбі қалың болуы керек, немесе денеңнің ішнде қалуы мүмкін.

Вибратор ретінде қолданылатын электронды тіс жуғыштар немесе телефондарды қолданғанда абай бол. Олардың су өткізбейтініне көз жеткізе отырып, оларды тек презервативпен және ішкі қуысқа кірмейтін жерледі қоздыру үшін қолданыңыз.

Сен презервативтың басын жыныстық мүшеге арналған сақина ретінде қолдансаң болады. Жыныстық мүшеге арналған сақиналар тек жұмсақ болып келуі тиіс, және оны қысқа уақытқа ғана қолдану керек. Егер сен оны жыныстық мүшеңе таққанда өзіңді ыңғайсыз сезінсең, оны тез арада шешіп таста. Ал шеше алмасаң, жедел жәрдем қызметтердің не хабарлас.

Секс-ойыншық ретінде жастық пен шұлық, емшек қысқыш ретінде киім қыстырғыш, оған қоса белбеу, қалақшаны қолдануға болады. Әрине, осы баламаларды қолданғанда бола алатын қатерді ойға алуды ескертеміз.

Есіңде болсын, ешқашанда ішкі қуыстарыңа өткір немесе электронды заттарды салма, басқа заттарды міндетті түрде презервативпен жауып қой. Тез әрі оңай сынып қалатын заттарды қолданба.

Любриканттардың баламасы.

Любриканттар жыныстық қатынас кезінде өзіңді жайлы сезінуге көмектеседі және олар инфекциялардың жұғуынан аздап қорғайды. Егер сенде любрикант жоқ болса, оның орнына баламаларын қолдануға болады. Адам түкірігі жақсы балама бола алады. Refinery29 сайтында түрлі баламаларды табуға болады.

Егер сен жүктіліктен немесе жыныстық жолмен жұғатын аурулардан сақтану үшін презерватив қолданып жүрсең, любрикант баламалардың құрамында май болмау қажет. Май презервативтің тиімділігін жоғалтуы мүмкін.

Любриканттар және баламалары жайлы толық ақпаратты Sexual Pleasure and Health's Guide сайтында табуыңа болады.

Барьерлік әдістердің баламалары.

Презерватив немес ауыз қуысына арналған арнайы сақтану материалдарын баламаларын табу қиын. Олардың орнына қолданылатын бір екі балама жолдар бар.

Пластикалық пакет немесе пленка презерватив ретінде ешқашан қолданылмауы қажет. Презервативтердің басты міндеті бұл жыныстық мүшеден ағатын сулы заттарды ұстап тұру. Оларды жүктіліктен сақтану үшін немесе аурулардан қорғану үшін қолданған дұрыс емес.

Алайда, оралды секс кезінде презервативті, латексті/латекссіз қолғапты немесе пластик пленканы ауыз қуысын қорғайтын шымылдық ретіне қолдай аласын. Пластик пленканың тұншықтыру қатері болғанын есінде ұста.

Баламалардың барлығы жыныстық жолмен жұғатын аурулардан қорғамайтынын есіңде сақта.

Егер де сенің секс ойыншықтардың, презервативтердің немесе лубриканттардың баламасы туралы қалған сұрақтарың болса, Planned Parenthood сайтында мамандармен хабарлас.

Recently viewed articles

Related articles