Nothing found
Thank you! Your submission has been received!
Oops! Something went wrong while submitting the form.

АИТВ (ВИЧ) тестінен үйде өтсем боладыма?

Егер сен жыныстық қатынасқа жиі түсетін болсаң, тесттен өтіп, статусыңды біліп жүрген өте маңызды. Бірақ клиникаға барып тексерілу кейде оңай емес. Кейде ол жақта тесттен өту қауіпсіз ба деген сұрақтар тууы мүмкін.

Кейбір кездері тесттен АИТВға (ВИЧке) арналған құрылғылар арқылы үйде, жеке жағдайда өтсең де болады. Бірақ бұл құрылғылар клиникадан өткен тест секілді нақты нәтиже бере алмайды. Сонда да, тесттен өтіп, денсаулығыңа қарап жүрген тесттен өтпегеннен артық.

Үйдегі тесттер нақты нәтижені 23 күнмен 90 күндер аралығында береді. Осы уақыт аралығында адам ағзасында вирус бола тұра, тест теріс нәтиже көрсетуі мүмкін. Осы период алдын және одан кейін тесттен өту өте маңызды. Тестпен бірге берілген материалдар саған антиденелер қай уақытта табылуы мүмкін екенін айтып береді. Егерде сен ағзаңа вирус түсе алатындай жағдайда болып қалсаң, 72 сағат ішінде жергілікті мекемеге міндетті түрде хабарласып, профилактика және ем жайлы сөйлес.

Үйде тесттен өтудің екі жолы бар. Біріншісі бұл өзіңнің сілекейің арқылы тексерілетін құрылғы. Оның нәтижесін сол заматта көре аласың. Екінші жолы бұл өзіңнен қан алып оны жергілікті лабораторияға жіберу. Building Healthy Online Communities сайтынан бұл жайлы толық ақпарат алуыңа болады.

Егер сенің нәтижең оң болған жағдайда жеткілікті денсаулық сақтау мекемелерінің нұсқаулықтары бойынша әрекет ет. Олар саған қалай ем алу және профилактика жайлы айтып бере алады. Кейде тест өтірік оң нәтиже көрсетуі мүмкін. Осы себептен жергілікті ЖИТС орталығында тест тапсырып қайта тексерілу өте маңызды.Егер солар сенен оң нәтиже тапса, олар саған ем алуға көмектесе алады. Ал егерде сен ол жерде теріс нәтиже алсаң, уақытында келіп тексерілуді ұмытпа. Өз дәрігеріңмен күнделікті АИТВға (ВИЧке) қарсы алдын ала қабылданатын дәрі - PrEP туралы сөйлескен жөн.

Қазақстанда болсаң, өздігімен АИТВге (ВИЧке) тестілеу жиынтығына осы жерден тапсырыс берҚәзіргі уақытта тест құрылғылары Европа елдерімен АҚШта ең оңай жолмен алуға болады. Өз еліңде тест құрылғыларын қалай алуға болатындығын осы жерден біл.

Recently viewed articles

Related articles